Айгүл Иманбаева күйеуімен түскен жаңа видеосын жариялады

0
374

Отандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева желіде күйеуімен түскен жаңа видео жариялап, елді тәнті етті.

Айгүл Иманбаева жолдасы екеуінің видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда ерлі-зайыптының жағажайда серуендеп жүргенін байқауға болады.

Жас жұбайлар отандастарына сәлем жолдап, бейнежазба соңында бірге жүрек белгісін көрсетті.

«Қайырлы таң, қайырлы күн! Қазақстанда қайырлы кеш. Бізден, Ерекең екеумізден баршаңызға жалынды сәлем», – деді актриса.

Айта кетейік, бұған дейін Айгүл Иманбаева күйеуімен түскен жаңа суретін жариялап, оған әсерлі жазба арнаған еді. Өнер иесі бүгінде Америка құрама штаттарына жолдасының қасына оралды.

Сонымен қатар әнші күйеуі екеуі некесін қиғанда өнердегі әріптесі Марат Омаровтың қолдауы ерекше болғанын айтты.


ПІКІР ЖАЗУ