Қазақстандық блогер Supermamasita АҚШ әуежайында шу шығарды

0
214

Супер Мамасита лақап атымен танылған қазақстандық блогер Әлия Байтуғаева шетелде шу шығарып, соңында айыппұл төлемеу үшін кешірім сұрауға мәжбүр болған.

Блогердің айтуынша, ол ұшақта телефонын ұмытып кеткен. Телефоны жоқ екені әуежайдың ішінде жүргенде есіне түскен. Бірақ жолаушы ұшақтан шығып кеткеннен кейін бортқа қайта оралуы қиын. Осылайша, қайтадан ұшаққа орала алмай, әуежай қызметкерлерімен жанжалдасқан блогер күш көрсетпек болған.

Әлия Байтуғаева ұшаққа жібермеген бақылаушы әйелмен жанжалдасқан. Одан кейін полиция қызметкерлері келіп, оқиға әрі қарай жалғасқан.

АҚШ-қа марафонға қатысу үшін келген едім. Олар бізді түсініп, бәрі оңынан шешілді. Алайда мен оларға дауыс көтергенім үшін кешірім сұрауға мәжбүр болдым. Егер айыппұл салса 14 мың АҚШ долларын төлеуші едім. Олар мені кешірді, – деді Мамасита.

Кілтсөздер:АҚШблогер


ПІКІР ЖАЗУ