Хутордың басшысы делінген Хасанның ағасы Аслан Қасымбаев қызметінен кетті
Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Қасымбаев Аслан Нұрғайыпұлы қызметінен босатылды.
Бұл туралы аудан әкімдігі мәлімдеді.
Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Қасымбаев Аслан Нұрғайыпұлы қызметінен босатылды, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Талғардағы атышулы оқиға Шерзат Болаттың өлімінен кейін Талғар ауданында тағы бірнеше шенеунік қызметінен кеткен еді.