Ақбота-Нұр Сейтімағамбет танымал актермен не үшін сүйіскенін айтты

0
345

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет желіде үлкен шу тудырған «сүйісу сахнасына» қатысты алғаш рет пікір білдірді. Өнер иесі әріптесі Ермек Шынболатов екеуінің видеосы жеке өміріне әсерін тигізгенін жасырмады.

Ақбота-Нұр Сейітмағамбет «Адал алаяқтар» фильміндегі «сүйісу сахнасы» туралы Revue News бағдарламасында айтты. Актриса бұл түсірілім үшін жақсы гонорар алған. Алайда бұл жайт денсаулығы мен жеке өміріне әсер еткен.

«Оңай болған жоқ. Жан-жақтан соққылар келді. Хайп ретінде жасаған дүниеміз біраз денсаулығыма, жеке өміріме әсер етті. Хайптың аты хайп деген осы. Ол үшін жақсы гонорар төленіп жатыр», – деді өнер иесі.

Оған қоса кино жұлдызы түсірілім кезінде жарақат алғанын айтты.

«Продюсерімізге шағымданайын деп тұрмын. Түсірілімге барғанда жарақаттанып қалдым. Бір-екі қимылым дұрыс болмай, жігіттеріміз үстелді дұрыс қоймағандықтан құлап, жарақат алдым. Сосын он күндей емханада жатқан болатынмын», – деді ол.


ПІКІР ЖАЗУ