Жазира Байырбекова ішімдікті сатуға тыйым салуды ұсынды

0
521

Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова желіде үндеу жасап, ішімдікті жаппай сатылымнан алып тастауға шақырды.

Өнер иесі ішімдіктің қоғамға тигізетін зияны көп екенін алға тартып, оны мүлдем қолданбауға үндеді.

Эстрада жұлдызы ішімдікті сатуға тыйым салынса бірқатар мәселе шешілетінін жеткізді. Әнші бұл туралы Instagram-дағы парақшасында айтқан.

«Спирттік ішімдіктің қоғамға, отбасына тигізіп жатқан зияны көп. Дәл осы нәрсені сатылымнан алып тастаса көп проблема шешілер еді. Біздің жігіттер де ішімдікке қарсы. Араққа құмар адаммен бір үйде тұратын адамның жүйкесі әлсірейді, қоғамда қылмысты көбейтеді» , – деп жазды Жазира Байырбекова.


ПІКІР ЖАЗУ