Дариға Бадықова: Желіге кірсең көңілді ақпарат жоқ

0
337

Қазақстандық танымал актриса Дариға Бадықова желіде жаңа жазба жариялап, ой-толғауын айтты. Өнер иесі желі қолданушылардың бүгінгі бет-бейнесін сипаттады.

Дариға Бадықова желідегі адамдар туралы ойын Instagram-дағы парақшасында жеткізді. Актриса бүгінгі желі қолданушыларына күйінді.

«Әлеуметтік желіге кірсең бір дұрыс көңілді ақпарат жоқ. Одан микрофонды ортаға қойған адамдар. Одан қала бере өмірімді әдемі қылып көрсетемін деп қырынан да, жанынан да, шешініп те, фейкті түрнұсқа етіп көрсетіп суретке түскен қыздар. Топырлап бір жерге барып, бір-бірін мақтап, сабылып жүрген адамдар. Өзі қобырап жүріп, парақшасын эстет жасағыштар. Өзімді дамытуым керек деп үрейленгендер», – деп тізіп шықты өнер иесі.


ПІКІР ЖАЗУ