Жазира Байырбекова сүйінші жаңалығын айтты

0
363

Қазақстандық әнші Жазира Байырбекова желіде қуанышты жаңалығымен бөлісті. Өнер иесі 2025 жылы концерт беретінін хабарлады.

Шоу-бизнес өкілі тыңдармандарынан келетін көп сұрақтан кейін Instagram-дағы парақшасында шығармашылығындағы жаңалығын бөлісуді жөн көрген.

Әнші концерттерін сағынған жанкүйерлерімен 2025 жылы қауышатынын хабарлады.

«Концерт қашан бересіздер?» деген сұрақтар өте көп екен. Алла қаласа 2025 жыл концерт жылы болады. Барлықтарыңызды күтеміз», – деп жазды Жазира Байырбекова.



ПІКІР ЖАЗУ