Актер Шәріп Серік сүйіктісімен айырылысып кеткенін айтты

0
318

Отандық танымал актер Шәріп Серік сүйіктісімен айырылысып кеткенін хабарлады. Өнер иесі желіде мұңды жазба жариялап, жан сырын аұтарған.

Шәріп Серік жеке өміріндегі жаңалықтарын Instagram-дағы парақшасында жария етті. Өнер иесі ғашығы екеуінің көптеген жоспары болғанын айтып, өкінішін жеткізді.

«Талай күнді басымыздан өткердік. Тағдыр сені маңдайыма жазбаған шығар. Жоспарымыз көп еді», – деп жазды актер.

Сонымен қатар Шәріп Серік мұңды жазбасы үшін көпшіліктен кешірім сұрады. Актер бұл айырылысу өзіне ауыр тигенін жасырмады.

«Жазбаларым үшін кешірім сұраймын. Кішкене қайғыруға рұқсат беріңіздер. Бұнымен өмір тоқтап қалмайтынын білемін. Бірақ бір сәтте ауыр болды», – деп жазды ол.

 

Кілтсөздер:актершәріп серік


ПІКІР ЖАЗУ