«Босанар алдында қиналдым»: Шахизада ұлына жантебірентерлік жазба арнады
Отандық эстрада жұлдызы Шахизада ұлын туған күнімен құттықтап, жантебірентерлік жазба арнады. Ол жүрекжарды тілегін Instagram желісіндегі парақшасында білдірді.
Әншінің айтуынша, ол баласын босанар алдында 2 тәулік қиналған.
«Иә , бүгінгі күні, 20 қазанда баламды Алланың қалауымен босанып осы жарық дүниеге алып келдім. Солтүстік Қазақстан Петропавл қаласында Олжас балам 4.300 кг болып туды. Босанар алдында 2 тәулік қиналғаным осы бүгін есіме түсті. Аллаға шүкір. Баламның жасына жас қосылып, қазір 4 баланың әкесі болды. Балам, жаңа жасың құтты болсын, туған күніңмен. Алла зор денсаулық берсін. Өсіп-өне беріңдер. Алла сендердің бақытты өмірлеріңді маған көрсетсінші. Аумин», – деп жазды ол.