Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен ер адамға қатысты мәлімет жарияланды

0
282

Алматы облысының полиция департаменті Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен зорлау бойынша күдіктінің жеке мәліметтерін жариялады.

Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Алматы облысы полиция департаменті уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен 30.05.1998 жылы туылған Бекарыс Сәбитұлы Қалмырзаевқа іздеу саламыз. Егер сіз іздеуде жүрген адам туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, келесі телефондар арқылы дереу полицияға хабарлауды сұраймыз: +7 727 727 90 44, +7 777 427 2915, +7 778 900 02 55 немесе 102, – делінген хабарда.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында зорлық жасады деген күдікті изолятордан қашып кеткені туралы ақпарат пайда болған еді.



ПІКІР ЖАЗУ