Дәулет Тұрлыхановтың ұлы түрмеде отыратын болды
Дәулет Тұрлыхановтың пробациялық бақылауды бұзған ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты сот шешім шығарды. Енді ол түрмеде 1 жыл 5 ай 10 күн отырады. Сот залында қамауға алынды.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда Нұрасыл Болат белгілі адвокатты соққыға жыққаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 700 000 теңге айыппұл салынды.
2024 жылғы 14 мамырда Жоғарғы сот үкімді өзгертті: Тұрлыхановтың ұлына 2 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы белгіленді.