«Қолымнан сүйреп, құлатып тастады». Шерзаттың әжесі жанайқайын жеткізді

0
1774

Талғарда бір топ адамның қолынан қаза тапқан Шерзаттың әжесінің видеоүндеуін блогер Жан Ахмадиев желідегі парақшаларында жарияланды.

Жұмабике Нұрымованың сөзінше, балаларын тепкілеп жатқан жігіттерге қанша жалынса да олар ұрып-соғуды тоқтатпаған. Бұл туралы ulysmedia.kz сайты мәлімдеді.

Ол кішкентай нәресте ғой. Ол балапан ғой деп алдарынан шыққанымда мені қолымнан сүйреп, құлатып тастады. Олар ішіп алған. Мен құлап жатырмын. Телефоным арғы жаққа ұшып кетті. Орнымнан тұрайын десем екі бордюрдің ортасында қалып қойыппын, -дейді Шерзаттың әжесі.

Есеңгіреген күйі еңбектеп барып, телефонын алайын деп жатқан кезде келінінің құлындаған даусын естіген.

«Көмектесіңдер, скорый, скорый” деп жатқанда артыма қарасам екі балам жерде құлап жатыр екен. Екеуі де өлді деген ой бірден келді. Мен сол жерде не болып кеткенін түсінбей кеттім. Не істеу керек екенін сол кезде түсіне алмадым. Себебі шок жағдайына түсіп кеттім, – дейді жүрегі қан жылаған ана.



ПІКІР ЖАЗУ