«Біраз қызға айтарым бар». Ерке Есмахан нәзік жандыларға үндеу жасады

0
550

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде оқырмандарының қойған сұрағына жауап берді.

Желі қолданушыларының бірі: «Өзіңізді жақсы көруге жаймен келдіңіз бе? Әлде бұрыннан сондайсыз ба?», – деп сұрады.

Үйдің кенжесі болғандықтан шығар, кішкентайымнан ерке, лидер болдым. Өз өзін жақсы көруден бірінші орын менікі болар. Қазір күйеуімнің пікірі, балаларымның қалауы бар. Мен тек өзімді жақсы көремін, менің айтқаным болады деп отыра алмаймын. Кейде жеңіліп тұрып жеңуге тура келеді, – деп жауап берді эстрада жұлдызы.

Сонымен қатар, эстрада жұлдызы нәзік жандыларға ақыл-кеңес айтты.

Біраз қызға айтарым бар. Өзіңізді де, жақындарыңызды да сүйе тұрып, басқаларды өзіңізге ғашық еткізіп, айналаңызды шыр айналдырып құлатпайсыз ба?! Әйелсіз ғой, қылық қосыңыз. Сол кезде сіз де, олар да риза болады. Тек баланс керек және ішкі сезіміңізге адал болыңыз, – деп жазды әнші.

Кілтсөздер:Ерке Есмахан


ПІКІР ЖАЗУ