Талғарда төрт ер адам кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді

0
628

Алматы облысы Талғар ауданында төрт ер адам 16 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді.

Полиция кәмелетке толмаған баланы зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазір қылмыстың барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында, – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Жантүршігерлік қылмыс туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында хабарлады. Тергеу барысында қазан айының ортасында Тұздыбастау ауылында төрт жігіт кәмелетке толмаған қызға қорлық көрсеткен.

Бойжеткен жаттығу залынан шыққанда оны үйіне апаруды ұсынған көрінеді. Қыз ешнәрседен күдіктенбей, көлікке отыруға келіскен. Ол жерде тағы үш жігіт болған. Содан кейін 16 жастағы жәбірленушіні қаңырап тұрған бос жерге апарып, жігіттердің әрқайсысы онымен жыныстық қатынасқа түскен. Оның айғайлап, жылап жатқанына қарамастан, достары бастаған ісін аяқтаған. Қызды полицияға хабарлассаң, туыстарыңды өлтіреміз деп қорқытқан, – деп жазды журналист Козачков.

Күдіктілердің бірі жәбірленушінің танысы болған.



ПІКІР ЖАЗУ