«Сақ болсаң да, алданып қаласың»: Динара Сәтжан қиын жағдайға тап болды

0
441

Қазақстандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан алаяқтардың құрбаны болғанын айтты. БАҚ өкілі қанша сақ болуға тырысса да, алданып қалғанын жеткізді.

Динара Сәтжан алаяқтардың арбауына түсіп қалғаны туралы Telegram-дағы арнасында хабарлады. Тележүргізуші осыған дейін адамдарды жақсы танитын қасиеті бар деп ойлап келгенін айтты. Алайда шын мәнінде олай болып шықпаған. БАҚ өкілі өзі сенген жандарға алданып қалған.

«Алаяқтар жылы. Мен адамдарды жақсы танитыныма 100 пайыз сенімді едім. Алдымда тұрған адамның қандай екенін түсіну үшін маған 10 минут жеткілікті деп ойлайтынмын. Бұлай сенімді болуға болмайды. Қандай сақ адам болсаң да, алаяқтың құрбаны болуың мүмкін. Мен жалғыз емеспін. Соңғы кездері достарымнан оларды алдап кеткені, жақындарының өзі сатып кеткені жайлы оқиғаларды көп естідім. Кинопродюсерлер, стилистер, байерлер, фотографтар. Ешкім алаяқтардан сақтандырылмаған», – деп жазды ол.

Оған қоса Динара Сәтжан көпшілікті барынша сақ болып жүруге шақырды.

«Олар эмоцияңмен «ойнайды», керемет нәтижелерді уәде етеді. Өзіне портфолио жасап, сіздің араласатын ортаңызда жүреді. Әдетте, олардың инстаграмында танымал әлі беделді адамдармен түскен суреттер болады. Олардың ісі сол: суретке түседі, басқаның ақшасын жұмсайды және жаңа құрбан іздейді. Шулы жерде әрекет етеді. Төлемді үнемі асықтырады. Онымен тек беделді адамдар жұмыс істейтінін айтады», – деп жазды тележүргізуші.


ПІКІР ЖАЗУ