СҚО-да ұлы 500 теңге бермегені үшін анасын өлтіріп тастады

0
432

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Полудино ауылында ұлы анасын 500 теңге беруден бас тартқаны үшін өлтірді.

 62 жастағы әйелдің мәйіті 49 жастағы ауыл тұрғынының үйінен табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, әйелдің өлімі бауырдың жарылуынан, ішке қан кетуден, кеуде және іш жарақаттарынан болған, делінген хабарламада.

Әйелді ұрған зұлым адамды іздеудің қажеті жоқ еді. Ол жәбірленушінің ұлы, сол ауылдың тұрғыны болып шықты. Болған оқиғаның куәгерлері айтқандай, жәбірленуші сол күні зейнетақы алып, құрбыларына келген. Кейінірек мұнда ішімдік ішкен күдікті келіп, анасынан 500 теңге талап ете бастаған. Әйел ақша беруден бас тартқаннан кейін, ер адам анасын ұрып-соғып, кетіп қалған. Алған жарақаттарының салдарынан әйел қайтыс болды.

Кілтсөздер:ПолицияСҚО


ПІКІР ЖАЗУ