Саша Барон «Бораттың» кейпінде тағы да қазақстандықтардың ашуына тиді

0
399

«Борат» рөлімен танымал британдық комик Саша Барон кезекті рет қазақстандықтардың наразылығын тудырды, деп хабарлайды politico.kz сайты Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Коэн Джимми Фэллонның шоуына «Бораттың» образында келген ол Қазақстанда KFC тауық етінен емес, мысықтан жасалады деп қалжыңдаған.

Сондай-ақ ол “АҚШ вице-президенті Камала Харрис Қазақстанға келмегені дұрыс, өйткені еврейге үйленген қара нәсілді әйелдің елге келуін дұрыс қабылдамауы мүмкінй деді.

Саша Баронның әзілі көптеген қазақстандықтардың ашуын келтірген. Олар комик Қазақстан туралы абыройға нұқсан келтіретін стереотиптер таратуын жалғастырып келеді деп санайды.

Кілтсөздер:борат


ПІКІР ЖАЗУ