Шерзаттың қазасы: полиция 5 бап бойынша қылмыстық іс қозғаған
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу Қылмыстық кодекстің қандай баптары бойынша жүргізіліп жатқанын айтты.
Бұл туралы ішкі істер министрінің депутаттық сауалға берген жауабында айтылған.
99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру);
293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық);
115-бабы (қорқыту);
432-бабы (қылмысты жасырып қалу);
434-бабымен (қылмыс туралы хабарламау).
Тергеу барысы менің жеке бақылауымда, оқиға орнында министрліктің орталық аппаратының қызметкерлеріде жұмыс істеуде. Қазіргі танда қасақана кісі өлтіруге қатысты күдікпен 8 адам және қылмыс туралы хабарламау бойынша 3 адам соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, оның барысында оқиға болған жерде болған басқада адамдардың қатыстылығы тексеріліп, әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады, – деп жауап берді ішкі істер министрі Ержан Сәденов.
Құзырлы министрліктің мәліметінше, қазір еліміздегі криминогендік ахуал тұрақты.