«Жалғыз әнші»: Ерке Есмахан күйеуін жер-көкке сыйғызбай мақтады

0
984

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан желіде жолдасы Raim-ға жазба арнады. Әнші күйеуінің өнеріне жоғары бағасын берді.

Ерке Есмахан жолдасы туралы жазбасын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Ол Раймды Қазақстанда альбом жазатын жалғыз әнші деп атады.

Қазақстанда альбом жазатын жалғыз әнші. Ойдан құрастырмай, сезгенін, көргенін айнытпай әнге қосады. Өмірінің әр кезеңі – бір альбом. Әр альбомы, әр әні ерекше. Бір әнім «хит» болды екен деп соған ұқсас 10 ән жазбайтын әнші. Ол кім десеңіздер, Ол – RaiM! Осындай талантты өнер иесімен маған тағы бір дуэт айту бақыты бұйырыпты. Жаным, барлық арман, мақсатыңа жет, – деп жазды Ерке Есмахан.

Кілтсөздер:Ерке Есмахан


ПІКІР ЖАЗУ