Мейрамбек Бесбаевтың әйелі ерекше отбасылық сәтті бөлісті

0
607

Қазақстандық танымал әнші Мейрамбек Бесбаевтың келіншегі желіде ерекше отбасылық сәтті бөлісіп, оқырмандар қауымын сүйсінтті. Мархабат Бесбаева бұған дейін еш жерде жарияламаған гендер пати шарасы қалай өткенін көрсетті.

Жақында үшінші перзентін дүниеге әкелген Мархабат Бесбаев Instagram-дағы парақшасында гендер пати шарасының видеосын жариялап, желі қолданушыларын қуантты.

Өнер иесінің келіншегі бұл ерекше отбасылық сәтті бұған дейін еш жерде жарияламаған. Белгілі болғандай, ерлі-зайыпты бұл атаулы күнді тек ет-жақындарымен өткізген.

Оған қоса үшінші перзентінің жынысын анықтауға оларға үлкен қызы мен ұлы көмектескен. Бейнежазба басында Мейрамбек Бесбаев та, келіншегі де болашақ сәбиі ұл болатынын айтты. Алайда ерлі-зайыпты болжауынан қателесіп, соңында қызды болатынын білді.

«Осындай сый бергеніне Аллаға шүкір! Жұғысты болсын баршаңызға», – деп жазды Мархабат Бесбаева.


ПІКІР ЖАЗУ