Ерке Есмахан кіші ұлының суретін жариялады
Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіге кіші ұлы Исламның суретін жариялады.
Өнер иесі ұйықтап жатқан ұлының суретін Stories-ке салған.
Үйдің бар шаруасын аяқтап, енді ұйықтап жатыр, – деп жазды Ерке.
Бұған дейін әнші күйеуін жер-көқке сыйдырмай мақтаған еді.
«Қазақстанда альбом жазатын жалғыз әнші. Ойдан құрастырмай, сезгенін, көргенін айнытпай әнге қосады. Өмірінің әр кезеңі – бір альбом. Әр альбомы, әр әні ерекше. Бір әнім «хит» болды екен деп соған ұқсас 10 ән жазбайтын әнші. Ол кім десеңіздер, Ол – RaiM! Осындай талантты өнер иесімен маған тағы бір дуэт айту бақыты бұйырыпты. Жаным, барлық арман, мақсатыңа жет», – деп жазды Ерке Есмахан.