«Қыздарым бой жете бастағаннан болар». Жұлдыз Әбдікәрімова жантебірентерлік жазба жариялады
Әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова балаларын түп нағашыларының ауылына апарып, әжесінің бейітіне құран бағыштады.
Ол әжесі балалары кішкентай кезде қарасқанын айтты.
Алауыма қырық күн қарап, бесікке салып, ақылын айтқан әжеміз. Талай даналық көрдім өзінен. Бұл кісінің жанында өткен әр күн, әр сәт өмірлік сабақ еді. Әр істің алдында айтатын сөздері, жасайтын әрекеті, оқитын дұғасы сол кездері қызық көрінетін. Қазір өзім дәл солай жасайтын болыппын. Ырымшыл, тыйымшыл болыппын. Бәлкім, өз қыздарым бой жете бастағаннан болар?! – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.