«Балаларымыз намаз оқымаса, біз үшін үлкен минус»: Абай Бегейдің әйелі
Танымал әнші Абай Бегейдің әйелі белгілі блогер Фариза Жұманова балалары дінге жақын екенін, олар намаз оқымаса үлкен минус болатынын айтып, сұхбат берді.
Біз бес уақыт намаз оқимыз. Балаларымыз намаз оқымаса, біз үшін үлкен минус. Аминокқа «мен намаз оқимын, әкең намаз оқиды» деп айтып отырамын. Намаз – әр адамға парыз. Тақсырға да айтамын «біз үлгі болайық, діни тәрбие берейік» деп. Сымбат намазға өзі келді. Әмина мен Сымбат Құран оқи алады, арнайы дәріске жібердік, – деді ол.
Ол үлкен қызы Сымбат орамал тағуға ниет білдіргенін айтты.
Орамалдың ойыншық емес екенін айтып түсіндірдім. Мүслім, Мариям, Ибрагим әлі кішкентай. Бірақ мұсылмандардың балабақшасына барады. Ол жақта да дұға, Алланың 99 есімін үйретеді», – деді Фариза Жұманова.