Әкесінің інілері зорлаған қызға қатысты жаңа дерек шықты

0
1339

Әкесінің ағаларынан алты жыл бойы қорлық көрген 12 жасар қыз тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығына орналастырылды.

Бұл туралы Жамбыл облысы білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 17 қыркүйекте анықталған.

«Жағдайдың егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау мақсатында облыс тарапынан жұмыс тобы құрылды. Жасөспірім тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығына орналастырылды. Оны медициналықәлеуметтік есепке алу туралы шешім қабылданды. Өз кезегінде, облыстық психологиялық қолдау орталығының мамандары зардап шеккен қызға жан – жақты көмек көрсетеді«, деді облыстық басқармасы.

Қазіргі уақытта зорлық көрсеткен бір күдікті ұсталды.

Мойынқұм ауданының аумағында ҚК 120-бабы 4-бөлігі (жас балаға қатысты зорлау әрекетін жасау) бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде болған ер адам ұсталды. Ол Шу ауданынан 60 шақырым жердегі шаруа қожалығынан табылды. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – делінген полиция хабарламасында

Кілтсөздер:зорлық-зомбылық


ПІКІР ЖАЗУ