Тәжікстанда жаппай көріпкелдер мен балгерлер ұсталып жатыр

0
496

Тәжікстанда полицейлер сиқыршы және көріпкел деп есептелген 1,5 мыңға жуық адамды ұстады.

2024 жылдың мамыр айынан бері осы науқан аясында барлығы 7,5 мың адам ұсталғанын түсіндірді. Олардың ішінде ресми діни білімі жоқ 5 мың молда, сондай-ақ 1,5 мың сиқыршы мен көріпкелдер бар.

2024 жылдың көктемінде Тәжікстан президенті дін өкілдерімен кездесуінде елде оккультизмнің тарағанын айтып, олармен күресуге шақырған. Оның айтуынша, бұл құбылыс «елді құрдымға батырады».

Сәуір айында Тәжікстанның ішкі істер министрлігі алаяқтықпен айналысып, өзін емші, көріпкел, сиқыршы және тұмаршы ретінде көрсеткен адамдарға жауапкершілік қарастырылғаны айтылған. Онда адамдарды алдағандарды алты айға дейін мәжбүрлі жұмысқа тартуды қарастыратын заңнамаға түзетулер енгізгенін хабарлады.

Кілтсөздер:әлемкөріпкел


ПІКІР ЖАЗУ