Астанада қызды қонақ үйге апарған жігіт күтпеген жағдайға тап болды

0
4723

Астанадағы кездейсоқ таныстық 21 жастағы алматылыққа 7 мың доллардан аса шығын келтірді.

Жас жігіт түнгі көңіл көтеру мекемесінде болып, сол жерде қызбен танысқан. Алғашқы таныстық жастарды жақындастырғаны соншалық, олар басқа барда көңіл көтеруді жалғастырып, соңында қонақ үйге барған.

Жігіт қызға байқаусызда сөмкесіндегі 10 мың долларын көрсеткен. Содан кейін ол қонақ үй бөлмесінде ұйықтап қалғаннан кейін қыз 7 200 долларын алып, кетіп қалған. Оянған соң көлік сатып алуды жоспарлаған қаражатының жоғалғанын білген жігіт бірден полицияға хабарласқан.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданының полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 25 жастағы қызды бір тәулік ішінде анықтады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қыз кінәсін мойындады.

Полиция қаражаттың бір бөлігін тәркіледі.


ПІКІР ЖАЗУ