Алматының оңтүстік-шығысында жер сілкінді

0
409
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бүгін, 2024 жылғы 2 қарашада Астана уақытымен 10:50-де жер сілкінісі тіркеді.

Ведомствоның хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісін Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол және Кеген ауданы Кеген ауылдарының (таулы аймақтар) тұрғындары сезген, 2 балл.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

коллаж aikyn.kz



ПІКІР ЖАЗУ