Үйлену тойына келген 22 қонақ қаза тапты
Пәкістанның солтүстігінде үйлену тойына келген қонақтар мінген автобус өзенге құлап, кем дегенде 22 адам қаза тапты.
Dawn телеарнасы таратқан мәліметте, оқиғаның Диамер округінде (Гилгит-Балтистан) болғаны айтылады.
Сейсенбі күні үйлену тойының шеруіне қатысқан автобус өзенге құлап, 22 адам суға батып кетті, – делінген хабарламада.
Автобуста болған қалыңдық қазіргі уақытта ауыр жарақатпен ауруханада жатыр.
Пәкістан президенті Асиф Али Зардари қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.