Баян Мақсатқызының бұрынғы сотталып шыққан күйеуі немен айналысып жүр

0
137

Продюсер Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев маралдың емін қабылдап, оның пайдасын айтып берген.

Ол бұғының емін жарнамалап, денсаулыққа пайдасын насихаттап жүр. Алматыдағы пантованна жасайтын сауықтыру орталығына барып ем алған. Оның видеосын журналист Нұрсерік Жылқышыбай жеке парақшасына жүктеген.

Көңіл-күйім тамаша. Ем өте жақсы болды. Будан шыққандай әсер алдым. Мұның қандай ем екенін түсінбей жүргендер келіп көрсін. Біз шығыстың адамы  болған соң білеміз. Маралдың емін бәріне көрсету керек. Денедегі суық шықса, жақсы болады, – дейді Есентаев.

Еске салсақ, 2016 жылы Бақытбек Есентаев сол кездегі әйелі Баян Мақсатқызын соққыға жығып, пышақтап кеткені үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылған еді. 2022 жылдың жазында ол мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.


ПІКІР ЖАЗУ