Астанада автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті
Астана көшелерінің бірінде жолаушылар автобусы жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Куәгерлер оқиғаны таспаға түсіріп алған. Видеодан автобустың жанында жатқан адамды көруге болады.
Астана қаласының Полиция департаментінің мәліметінще жол-көлік апаты биылғы 7 қараша күні Шарбақты көшесінде болған.
Автобус жүргізушісі өтуге болмайтын жерден өткен жүргіншіні қағып кетті. Түрлі жарақат алған жүргінші ауруханаға жатқызылды. Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деді полиция.