Қазақстандағы банктер үшін бірыңғай QR-код іске қосылады
Ұлттық банк пен Ұлттық төлем корпорациясы Қазақстандағы барлық банк үшін бірегей QR-кодты төлем жүйесін таныстырды.
Бірінші транзакцияны көрсету бүгін Алматыда өткен Қазақстан қаржыгерлер конгресі аясында екі екінші деңгейлі банктің қатысуымен өтті.
Айта кету керек, банкаралық QR-төлемдер қызметі – бұл Ұлттық цифрлық қаржылық инфрақұрылымының (ҰЦҚИ) құрамдас бөлігі, ол азаматтарға жылдам әрі ыңғайлы QR-төлем жасауға мүмкіндік береді.
«Әсіресе, банкаралық QR-төлемдерді енгізу бизнеске түрлі банктердің бірнеше терминалын орнату шығындарын азайтуға, ал азаматтарға – елдің кез келген банк терминалы арқылы QR-кодпен ақы төлеуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде, банктер банкаралық операцияларды өңдеу құнын төмендету арқылы шығындарды оңтайландырып, ҰЦҚИ инфрақұрылымына қатысу аясында клиенттер үшін төлем қызметтерін кеңейте алады», – деп мәлімдеді Ұлттық банк.