Ақтауда ер адам бұрынғы сүйіктісін көшеде сабап тастады

0
111

Ақтаудағы мекемелердің бірінде ер адам әйелді жұрттың көзінше ұрып тастады.

Желіде тараған видеодан ер адамның қызды бетінен ұрып құлатқанын байқауға болады.

Деректерге сүйенсек, жәбірленуші мен шабуылдаушы бұрын қарым-қатынаста болған. Бірақ ер адам үнемі сүйіктісіне қол көтере берген соң, онымен айырылысып кеткен.

Бұл – бірінші жағдай емес. Бір ай бұрын ол “7пятниц” мекемесінде бар үстеліне басымды ұрып, дәретханаға дейін сүйреп, унитазға қарай құлатқан, – деп жазды жәбірленуші.

Оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді.

Оқиғаға қатысушылар анықталып, полицияға жеткізілді. “Ұрып-соғу” фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.



ПІКІР ЖАЗУ