Алматы метросын аяқтау үшін Қытайдан несие алу ұсынылды
Депутат Сергей Пономарев Алматыда метро құрылысын барынша жеделдету үшін қытайлық EximBank-тен 1 1 млрд қарыз алуды ұсынды, деп хабарлайды politico.kz Курсивке сілтеме жасап.
«Алматы тұр. Бізде метро емес, аппендицит қана бар. Президенттің қалада қосымша метро салуды тапсырғанын еске саламын», – деді мәжілісмен.
Депутаттың айтуынша, метро 30 жылдан бері салынып келеді, бірақ оның аяқталар тұсы көрінбейді. Туннельдер тәулігіне 4 метр жылдамдықпен, яғни жылына шамамен 1,5 шақырым салынып жатыр.
«Бізге ондаған шақырым қажет. Көршілес Ресейде жылына 20-30 шақырым, ал біз 1,5 шақырым салып жатырмыз. Алматыға метро дереу қажет, өйткені қала кептелісте тұншығып жатыр», – деді депутат.
Құжатты жаңа Салық кодексіне енгізу ұсынылды. Несие бойынша артық төлем 64-тен 104 млрд теңгеге дейін болады, оны 8 жыл ішінде өтеу жоспарлануда.