Төреғали Төреәлі алғаш рет ешкімге айтпаған сырын айтты

0
843

Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі өзі туралы көпшілік білмейтін жайтты ақтарды. Өнер иесі өзі жиі қолданатын «ТТТ» сөзінің мағынасын алғаш рет айтты.

Көптен бері Instagram желісінде көрінбей кеткен Төреғали Төреәлі оқырмандарымен байланысқа шығып, өзі жайлы қызықты жайтты айтып берді.

Ұлы дала баласы» көпке мәлім «ТТТ» сөзі қайдан шыққанын түсіндірді. Сөзінше, көпшілік үшінші әріпті көбісі әншінің әйелі Толқынның есіміне қатысы бар деп ойлайды екен. Алайда өнер иесі бұл тұжырымды теріске шығарды. «ТТТ – сөзіндегі «ТТ» – Төреғали Төреәліұлы деген екі сөздің бас әрпі екенін көпшілік білсе де, үшінші «Т»-ның шешімін біле бермейді. Дегенмен, ел ішінде әркім өзінше расшифровка жасап жүр. Біреулер туған жері Төретам деген сөздің бас әрпі десе, біреулер туған әйелі – Толқынның бас әрпі депті. Руым да Әлімнің ішіндегі Татыраны ғой, – деп бастады әнші.

Төреғали Төреәлі бұл құпиясын қызылордалық қария тауып алғанын жеткізді.

Қызылорда қаласында өткен концерттерімнің бірінде, залдан бір қария шығып батасын беріп болып, «Саған, бір сұрағым бар еді. ТТТ дегендегі үшінші «Т» Татыран деген сөз деп естіп едім. Сол рас па?» деді. Мен «Жоқ, ата, үшінші «Т» Татыран деген өтірік. Бірінші «Т» – Татыран» дедім. Атам жүзі жадырап, бір қуанып қалды. Шамасы, аталасым болса керек. Жүзге бөлінгенім емес, жеті атасын білмеген жетесіз дейді ғой. Негізі, ешкімге айтпап едім, атам қайдан естіді екен. Шынымен, үшінші «Т» – Айдарбектің 4 баласының бірі Татыран атамның есімінің бас әрпі болатын, – деп жазды ол.

Кілтсөздер:Төреғали Төреәлі


ПІКІР ЖАЗУ