Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар қанша күн демалатыны белгілі болды
Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар үш күн демалады.
Биыл Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан дүйсенбіге түсіп тұр. Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 14, 15 және 16 желтоқсан демалыс болмақ. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 15 және 16 желтоқсан демалады.
Еске салайық, жаңа жыл қарсаңы, яғни 31 желтоқсан жұмыс күні болмақ. Жаңа жылдың алғашқы төрт күні — демалыс. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі үшінші қаңтар, яғни, жұмадағы жұмыс күнін жексенбіге ауыстыру туралы бұйрық шығарған. Ал 5 және 6 қаңтар — жұмыс күні.
Жетінші қаңтарда Рождество мерекесіне орай, тағы бір демалыс бар. Әрі қарай жұмыс кесте бойынша жалғасады.