Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

0
45

23-24 қараша күндері Астана қаласында жойғыш ұшақтар ұшыру жоспарланған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Министрліктің мәлімдеуінше, бұл іс-шара Қазақстан Әуе қорғаныс күштерінің оқу-жаттығу бағдарламасының бір бөлігі саналады. Оның барысында арнайы түтін шлейфтері көрсетіледі.

«Жойғыш ұшақтардың ұшулары қауіпсіз биіктікте өтеді және қала тұрғындарының күнделікті өміріне еш кедергі келтірмейді. Іс-шара қатаң қауіпсіздік талаптарына сай ұйымдастырылып, халыққа ешқандай қауіп төндірмейді. Қолданылатын түрлі-түсті түтіндер экологияға зиян келтірмейді», – делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі тұрғындарды тыныштық сақтауға және іс-шара барысында алаңдамауға шақырды.


ПІКІР ЖАЗУ