«Әркіммен кездесетін ниетім жоқ». Назым Қызайбай жеке өмірі туралы айтты
Париж ОЛимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Динара Сәтжанның «Late night» шоуына берген сұхбатында ешкім кездесуге шақырмайтынын айтты.
Өз адамымды әлі кездестірген жоқпын. Кездесуге бара бермеймін, негізі кездесуге ешкім шақырмайды, сондықтан бармаймын. Әлеуметтік желіде жекеме келген хаттарды оқимын, бірақ шынымды айтсам әркіммен кездесетін ниетім жоқ, – деді боксшы.
Спортшы жекесіне көп адам жазғанымен, ешкіммен кездеспегенін алға таратады.