Жамбыл облысында анасы мен баласы көлікте тірідей өртеніп кетті

0
43

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатынан әйел мен екі жасар бала қаза тапты.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» республикалық тасжолының 369-шақырымында Mercedes автокөлігі жол жиегінде тұрған BMW автокөлігіне жоғары жылдамдықпен келіп соғылған.

«Mercedes автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгінін игере алмай, апатқа себепші болды. Ол ұсталды. BMW автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі мен оның екі жасар баласы өрт салдарынан оқиға орнында көз жұмды», – делінген ақпаратта.

Аталған дерек бойынша «Екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


ПІКІР ЖАЗУ