Ерке Есмахан авторлық бренд әшекейін таныстырды

0
125

Танымал әнші Ерке Есмахан жеке бренд әшекейін көрсетті. Өнер иесі әлеуметтік желідегі оқырмандарына өзімен аттас сотуар әшекейді таныстырды. Бұл әшекей тікелей әншінің өмірімен байланысты екен.

«Мен сызылтып салатын әндей әдемі, нәзік, мағыналы мойнымдағы «Ерке Сотуар»! Бүгін көптен бері айтып жүрген туындымды сіздерге таныстырамын! Ол – осы суретте көзге оттай басылып тұрған әшекей! Көздің жауын әдемілігімен алып тұр. Сұлулығымен қоса терең мазмұнды! Әр әйелдің бақытын құрайтын денсаулық, отбасы, сәби сүю, карьера, сұлулық және байлық – бәрі бірікті. Әдемі туынды дүниеге келді. Еркенің бренді сіздерге сәттілік алып келсін, бағы жұғысты болсын. Шын жүректен тіледім», – деді Ерке Есмахан.


ПІКІР ЖАЗУ