Сәкен Майғазиев марқұм әпкесіне жантебірентерлік жазба арнады

0
103

ҚР Мәдениет қайраткері, әнші Сәкен Майғазиев марқұм әпкесін есіне алып, көпшілікті жылатты.

10 қыркүйекте түсірілген күнгі естелік. 9 қыркүйекте Айтгүл апатайым ағамның ұлының үйлену тойына келген. Әп-әдемі, ойнап-күліп кеткен адам. Жолдасының сырқаттанып жүргеніне бірнеше жыл болған. Ауылда қалған Жүніс жездемнің жанынан табылғысы келіп, ауылға асықты. “Демалып, ем алып бір-ақ барасыз” дегенімізге құлақ аспады. Анама саулық тілеп, жездемнің жағдайын жасап жүріп, жалған дүниеден аттанып кете барды. Апатайымыздың айтқанын екі етпедік. Апатаймен ақылдаспай шешім шығармайтынбыз. Алақанымызға салып аялай білдік, – деп жазды әнші.

Әншінің сөзінше, әпкесінің соңғы сәттерінде жанынан табылған көрінеді.

Жан тапсыруынан екі күн бұрын, Шымкенттегі облыстық ауруханаға бардым. Қасында бабын жасап Маржан деген әпкем болды. Маңдайынан, қолынан сүйіп, аяғын уқаладым. Әжемнің ескі таспиығын тартып, зікір айтып, салауат жолдадым. Жүрегіне қолымды қойып дем салып, Құран оқып отырғанымда ұйықтап кеткен апатайымның жүзіне қарап көзімен жас шығып кетті. Оятпастан маңдайынан иіскеп, жақсылық тілеп жүре бердім.
Дәрігерлермен сөйлескенімде қара шаңыраққа жеткізіп үлгеру керегін ескертті. Бұл сәрсенбі күні болатын. Сол күні кешке ауылға жеткізілді. Есі кіресілі-шығасылы болып жатқан әпкем: “Бүгін жұма ма?” деп сұрапты. Бейсенбі күні де: “Жұма қашан?”, деп сұрапты. Алланың құдіреті, апатайым қасиетті жұма күні таңғы 8-ден өте жан тапсырды. Алланың бұйрығымен, дәрігерлердің кеңесімен, имамның пәтуәсімен сол күні жер қойнына тапсырдық, – деді әнші.


ПІКІР ЖАЗУ