«Ақ көйлек кию маған да бұйырды»: Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жақсы жаңалығын айтты

0
53

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жеке өміріне қатысты жақсы жаңалығын бөлісті. Өнер иесі желіде жазба жариялап, елді ойландырып қойды.

Ақбота-Нұр Сейітмағамбет Instagram-дағы парақшасында ақ көйлек киген суретін жариялап, бақытты күні жақындап қалғанын айтты.

«Ақ көйлек» кию маған да бұйырды. Аллаға сансыз шүкір деп айтатын күнде жақындап қалған сияқты жақсыларым. Тәтті пікірлеріңіз болса», – деген жазба қалдырды әнші.

Өнер иесінің бұл жазбасы желі қолданушыларының қызу талқысын тудырды. Қалың көпшілік шоу-бизнес жұлдызының тұрмысқа шыққалы жатқанын болжап жазды.

«Бақытты болыңыз», «Алла бағыңызды ашсын», «Сіз үшін сондай қуаныштымын. Бақытқа лайықтысыз», «Тұрмысқа шығайын деп жатыр», «Тойға дайындықты бастап кеткен сияқтысыз ғой», «Жақында дүбірлі той болар», «Шын болсыншы. Кино немесе бейнебаян емес», – деп жазуда оқырмандар.


ПІКІР ЖАЗУ