«Жүрегім сүйер соңғы адам»: Ақбота-Нұр Сейітмағамбет елді ойландырып қойды

0
32

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет желіде жаңа жазба жариялап, елді тағы да ойландырып қойды. Оқырмандар өнер иесінің жеке өмірінде өзгеріс болып жатқанын болжады.

Ақбота -Нұр Сейітмағамбет Instagram-дағы парақшасында кезекті мерекелік шарадан видео жариялап, ерекше жазба қалдырды. 

«Ол мәңгіге, жүрегім сүйер соңғы адам», – деп жазды әнші ару. Желі қолданушылары бұл жазбаны бірден қызу талқылап, өнер иесін сұрақтың астына алды. Көпшілік актрисаның өмірлік серігін жолықтырғанын болжап жазды. Оқырмандар Ақбота-Нұрдың өмірінде пайда болған ер азаматтың кім екенін біле алмай әлек болған. 

«Мәссаған, не деген сөздер?», «Бақытты болыңыз», «Дәурен емес пе?», «Кім болды екен бұл жұмбақ азамат?», «Тойдың ауылы алыс емес-ау», «Ақботаның жүрегін жаулаған кім екен?», «Дәурен той жасап, қайта қосылатын сияқты», «Қашан таныстырасыз», – деп жазуда көпшілік.


ПІКІР ЖАЗУ