Елімізде бір жылда баспана бағасы 25,8%-ға өсті
Бір жыл ішінде (2022 жылғы тамыздан 2021 жылғы тамызға дейін) пәтерлерді қайта сату бағасы 25,8%-ға, жаңа тұрғын үйді сату – 18,1%-ға өсті. Сондай-ақ тұрғын үйді жалға алу ақысы 31,8 пайызға өсті.
2022 жылғы тамызда пәтерлерді қайта сату бағасы 0,4%-ға өсті, ал жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 0,1%-ға төмендеді. Ыңғайлы баспананың жалға алу ақысы 12,4%-ға қымбаттады, – делінген бюроның ресми сайтында.
Қазақстанда тамыз айында жаңа тұрғын үйді қайта сатудың орташа бағасы 1 шаршы метрге 425,6 мың теңгені құрады. Пәтерлерді қайта сату – 1 шаршы метрге 469,8 мың теңгені, ал жайлы тұрғын үйді жалға алу – 1 шаршы метрге 4 мың теңгені құрады.
Тамыз айында жаңа тұрғын үйді қайта сатудың ең жоғары бағасы Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді: 1 шаршы метр үшін 556 мың теңге. Пәтерлерді қайта сату бағасы бойынша да елорда көш бастап тұр: 1 шаршы метр үшін 640 мың теңге. Ең қымбат тұрғын үйді жалға алу Алматыда – 1 шаршы метр үшін 4 мың 920 теңге.
Дереккөз: BAQ.KZ