Ереван Пелоси келгенге дейін Путин бейнеленген үлкен баннерді алып тастады

0
120

АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси жұмыс сапарымен Ереванға ұшып келмек. Конгрессмендердің келуіне дайындалып жатқан армяндар Ресей диктаторы Владимир Путин бейнеленген алып баннерді алып тастады. Бұл туралы Украина Жоғарғы Радасының депутаты Алексей Гончаренко Тelegram арнасына жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ереван әуежайында Путиннің суреті мен «Мәңгі бірге» деген жазуы бар үлкен баннер орналастырылған болатын. Ол жерде баннер бір-екі жыл ілулі тұрды. Енді алынып тасталды.

Гончаренко баннер Пелосидің сапарына емес, Ресейдің Арменияға сатқындығына байланысты алынып тасталды деген пікір білдірді. Өйткені, Мәскеу Әзірбайжанмен соғыста Ереванға көмектесуден бас тартқан еді.

«Бір-екі жылда екі рет опасыздық жасаған одақтастың фотосы неге керек?» – деді ол.

Айта кетейік, Пелоси Армения мен Әзірбайжан арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуі аясында Ереванға барады. 13 қыркүйекке қараған түні екі елдің шекарасында қақтығыс болып, нәтижесінде 135 армян мен 71 әзірбайжан қаза тапты. Ереван Бакуді агрессия жасады деп айыптап, НАТО-ның ресейлік аналогы ҰҚШҰ-дан әскери көмек сұрады. Алайда оған көмектесуге бас тартты.

Пелосидің Арменияға сапары Мәскеу маңызды одақтасынан айырылуы мүмкін деген белгіні білдірмек.

Бұған дейін Dialog.UA ресейлік БАҚ әскери көмектен бас тартқаннан кейін Арменияның Путиннің ҰҚШҰ ұйымынан шығатынын жариялап жатқанын хабарлады.

Қазақстан Путинге ҰҚШҰ-дан шығу түрінде соққы дайындап жатқанын да жазғанбыз.

http://www.adyrna.kz


ПІКІР ЖАЗУ