Тағы да өрт: Каспий жағалауы жанып жатыр

0
128

Каспий теңізінің жағасында жанып жатқан қамыстан жалын Атырау облысындағы «Ақжайық» резерватына жайылды.

20 қыркүйекте Атырау облысындағы Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртенді. Жалын 40 гектар жағалау аумағын қамтыды. Кешке өрт сөндірушілердің күш-жігеріне қарамастан, одан әрі таралып, ерекше қорғалатын аумаққа тарады.

«Каспий жағалауындағы өрт аумағы шамамен 60 гектарға дейін ұлғайды. Өртті сөндіру жалғасуда. 20:40-та өрт «Ақжайық»(резерват) аумағына жайылды. Өрт аумағы нақтылануда. Өрт орнында телефон және радио байланысы жоқ», – деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД 20 қыркүйек күні кешке.

Фото: inform.kz

kznews.kz


ПІКІР ЖАЗУ