Қазақстан президенті үміткеріне қойылатын талаптар айтылды
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Қазақстан президенті үміткерлеріне заң қандай талаптар қоятынын атады, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
Кандидаттарға қойылатын талаптар:
- ҚР азаматы болу;
- Кейінгі 15 жылда ҚР аумағында тұруы;
- Жоғары білімінің болуы;
- Жасы 40-қа толған болуы;
- Белсенді сайлау құқығының болуы;
- Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
- Мемлекеттік тілді еркін меңгеруі.
«ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТТАРДЫ ҚОЛДАУ ОБЛЫСТАР, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАЛАРДЫҢ ЖӘНЕ АСТАНАНЫҢ КЕМ ДЕГЕНДЕ 2/3 АТЫНАН ТЕҢДЕЙ ӨКІЛДІК ЕТЕТІН САЙЛАУШЫЛАР САНЫНЫҢ КЕМ ДЕГЕНДЕ 1 ПАЙЫЗЫНЫҢ ҚОЛЫН ЖИНАУМЕН КУӘЛАНДЫРУЫ ТИІС. ҚОЛ ҚОЮ ПАРАҚТАРЫН БЕРУ КАНДИДАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯ МЕН КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢНЫҢ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕСТІГІН АНЫҚТАҒАННАН КЕЙІН 5 КҮННІҢ ІШІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ», — ДЕЙДІ ПЕТРОВ.