Кезектен тыс президент сайлауына кандидаттар ұсыну басталды

0
111

Бүгін Қазақстанда президенттіктен үміткер кандидаттарды ұсыну басталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Әрбір үміткер өзін қолдайтын кемінде 118,2 мың қол жинауы тиіс. Кандидаттар төлейтін жарна көлемі 3 млн теңгені құрайды.

Науқан 11 қазан кешкі сағат алтыға дейін созылады.

Айта кетейік, 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан сайлаушыларының тізіміне 11 827 277 азамат енді.

adyrna.kz


ПІКІР ЖАЗУ