Ақтөбе облысында қоқыс полигонынан нәрестенің денесі табылды

0
106

Ақтөбе облысында тас жолдың бойындағы қоқыс полигонынан нәрестенің денесі табылды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

23 қазан күні Қарғалы ауданы полициясына Бадамша ауылы маңындағы «Рождество – Дөң» тас жолының бойында орналасқан қоқыс полигонынан шақалақтың денесі табылғаны туралы хабар түсті. Нәрестенің денесі қара полиэтилен пакеттің ішінде болған.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 100-бабы «Анасының жаңа туған нәрестені өлтіруі» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Баланың анасын анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

politico.kz

turkystan.kz


ПІКІР ЖАЗУ