Митинг: Қырғыздар Кемпір-Абад су қоймасын Өзбекстанға беруге қарсы болып жатыр

0
116

Бішкектегі бейбіт акцияға шыққандар билікті Кемпір-Абад су қоймасын Өзбекстанға өткізіп беру процесін, осндай-ақ өз қарсыластарын саяси қуғын-сүргінге салуды тоқтатуға шақыратын петицияға қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі 24kg сайтына сілтеме жасап.

23 қазанда таңертең Қырғыз Республикасы Кемпір-Абад су қоймасын Өзбекстанға өткізіп беруге қарсы шыққан оппозициялық саясаткерлер мен белсенділерді жаппай тінту жүргізген. Бішкектегі тұтқындаулар туралы жаңалықтан соң жаппай наразылықтар басталды.

Бішкек АІІБ және Шу облысының аудандарында 21 адам қамауға алынды. Парламенттің бұрынғы депутаты Қанат Исаев та ел астанасының тергеу изоляторына бір айға қамалды.

Қырғыз Республикасы ІІМ билікті заңсыз басып алу мақсатында жеке тұлғалардың жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оны дайындауға қатысқаны туралы дәлелдер қолдарына түскенін мәлімдеді.

Президент Садыр Жапаров билікте Кемпір-Абад бойынша митингілер мен шерулердің артында кім тұрғаны туралы ақпарат бар екенін айтқан болатын.

Митингке қатысушылар мынандай талаптарды қамтитын петицияға қол қойған:

  • Кемпір-Абад су қоймасы және оның аумағы Қырғыз елінің балансында қалуы керек.
  • Кемпір-Абад су қоймасын айырбастау, делимитациялау және демаркациялау мәселелері мен жұмыстары тоқтатылуы керек. Келісім ратификацияланбауы тиіс.
  • Делимитация және демаркация мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия жаңадан құрылсын.
  • Делимитация және демаркация мәселелері бойынша хаттамалар инвентаризацияға жатады және ол жұртшылыққа жария болуы тиіс.
  • Саяси қудалау дереу тоқтатылуы керек.

Құжат Қырғыз Респубикасы президентінің әкімшілігіне, Жогорку Кенешке және министрлер кабинетіне табысталады деп жоспарланған.

politico.kz

kznews.kz/


ПІКІР ЖАЗУ