Алматыда Ұлттық пантеон ашылады

0
195

Құрметті Отандастар!

Баршаңызды ұлыстың ұлы күні 22-наурызда Алматы облысы, Қарасай ауданы, Әйтей ауылы, атақты Әйтей батырдың кесенесіне жақын жерде өтетін мерекелік іс-шараға қатысуға шақырамыз.

Сол күні белгілі философ және қоғам қайраткері Дәуітқұлтегі Қайрат ағамыз бастаған қазақи дүниетанымдағы бір топ зайырлы қазақтардың салт-дәстүріміз бен ұлттық құндылықтарымызды жастар мен өскелең ұрпаққа насихаттайтын «Бабалар қазынасы» атты мәдени танымдық жобасы дүйім көпшілікке таныстырылады.

Қысқаша айта кетсек, «Бабалар аманаты» жобасы қазақ халқына еңбегі сіңген, қазақ жерінің тәуелсіздігі жолында күрескен хандарымыз бен батыр, би, болыс, ақын-жырауларымыздың заманауи пантеоны болады. Алтайдан Атырауға дейінгі Ұлы Тұран топырағын қорғау жолында құрбан болған тарихи тұлғаларымыздың басынан топырақ әкеліп осы пантеонға қойылады. Бұл бір жағынан рухани орталық қызметін атқарады дейді идея авторлары.

Жаратушы қазаққа жар болып, азат Украина секілді санасы тәуелсіз- саяси ұлт болуымызды нәсіп етсін!

Тұрарбек Құсайынұлы


ПІКІР ЖАЗУ